2017 жылдың  қазан айының 17-ші жұлдызында  сағат 11:00 де  «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен  Қызылорда  қаласы әкімдігінің мәжіліс залында  қоғамдық кеңес мүшелері және ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жастар арасындағы жұмыссыздық» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізілу жоспарланып отыр. Осыған байланысты қала жастарын қоғамдық тыңдауға қатысып,  өз пікірлерін білдіруге шақырамыз.

Тыңдауда қаралатын мәселе:

Қала жастарының арасындағы жұмыссыздық және жұмыссыздықтың негізгі себептері туралы.

Анықтама телефонымыз: 70-04-02