Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығы

        ҮЕҰ ресурстық орталығы – үкіметтік емес сектордың әлеуетін арттыру үшін жағдай және өңірдегі атқарушы билік пен азаматтық қоғам әріптестігінің тиімді моделін дамытуды көздейді.

        ҮЕҰ ресурстық орталығы – үкіметтік емес ұйымдарға тегін әдістемелік қызмет көрсететін барлық материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген Орталық.

Онда:

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған тәжірибе алмасу семинарлары, оқыту курстары, кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру;

Кеңес беру, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету және т.б

         Азаматтық орталықтың жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты – облыстық ҮЕҰ-на тиімді орталықтандырылған қолдау көрсету және «бір терезе» қағидаты бойынша құқықтық әдіснамалық және консультациялық қызметтер кешенін ұсыну арқылы облыс тұрғындары арасында бастаманы дамыту. Тұрақты жұмыс істейтін азаматтық орталықты ұйымдастыру арқылы ҮЕҰ-ын дамыту және олардың әлеуетін арттыру мәселелері бойынша кәсіби практикалық көмек алу үшін жағдайлар жасау.

        Азаматтық орталықтың ҮЕҰ құру және қызметі мәселелері бойынша, оның ішінде Деректер базасы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік гранттар мен сыйлықтар, ҮЕҰ үшін басқа да мүмкіндіктер мәселелері бойынша консультациялық, әдістемелік, білім-беру және өзге де қызметтер көрсету. Бекітілген жоспарға сәйкес оқыту жүргізу және ақпараттық өнімдерді тарату арқылы өңірдің ҮЕҰ әлеуетін күшейту.