«ҮЕҰ дерекқорына мәлімет тапсыру» бойынша ZOOM форматы арқылы онлайн кеңес берулер өткізілді.

📍Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж наурыз айының 25-і мен 31-і аралығында «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа құжаттар тапсыру» және «ҮЕҰ дерекқорына мәлімет тапсыру» бойынша ZOOM форматы арқылы онлайн кеңес берулер өткізілді.

📍Онлайн форматта өткен кеңес беру аймақтың бірқатар азаматтық сектор жетекшілері, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың қоғамдық даму бөлімдерінің мамандары қатысып, ҮЕҰ дерекқор базасына құжат тапсыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа құжаттама дайындаудың ережелері бойынша ақпараттармен таныс болды.