Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлымен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өткізілді

                  Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 03 сәуір күні сағат 11.00-де Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлымен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында Ғалымжан Бақтығалиұлы аймағымыздағы инфрақұрылымының дамуы, жол, ауызсу, аяқсу мәселелеріне тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асыратын жоспарларымен таныстырды.
Сонымен қатар, аймақтың экономикалық-саяси, кәсіпкерлік, әлеуметтік салалары бойынша мәселелер талқыланып, азаматтық сектор өкілдері табиғи жауын салдарынан орын алатын су тасқындарының алдын алу, жаңғыртылып жатқан жолдардың жиегіндегі отырғызылған ағаш көшеттерінің қорғалуы, көшеде егесіз жүрген иттерді аулау және ерекше баласы бар ата-аналардың әлеуметтік мәртебесін көтеру, сондай-ақ кәсіпкерлік саласының әлеуметтік бағытына назар аударып, әлеуметтік кәсіпкерлерді көбейту туралы ұсыныстарын айтып, алдағы уақытта қала әкімшілігімен бірлесе жұмыс атқаруға келісті.

Кездесу соңында ҮЕҰ өкілдері тарапынан қойылған өзекті сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.