ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ — ӘДІЛЕТ САЛАСЫ

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ — ӘДІЛЕТ САЛАСЫ
🔹Бүгін Қызылорда облысының ҮЕҰ ресурстық орталығында Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы Бәкішева Ирина Жұмабайқызы аймағымыздағы азаматтық сектор өкілдерімен кездесіп, олардың маңызды сұрақтары мен мәселелеріне жауап берді.
🔹Кездесуде Ирина Жұмабайқызы департаменттің негізгі функцияларымен таныстырып, ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын заңды тұлғалармен жұмыс жасаудың жолдары, оларды тіркеу, лицензиялау және сертификат берудің ережелері туралы баяндады. Сонымен қатар, аймақ тұрғындарының құқықтық қорғалуына көмек көрсету мақсатында азаматтық, қылмыстық және отбасылық мәселелер бойынша заң көмегін көрсету бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қатысушылар сала басшысына өздерінің қордаланған сұрақтарын қойып, әділет саласындағы қызмет жүйелерінде жол берілген бірқатар олқылықтар, қызметкерлер тарапынан жіберілген кемшіліктер туралы талдамалы ұсыныстарын жолдады.