«Сыбайлас жемқорлыққа — жол жоқ» тақырыбында кездесу өткізілді

Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында ү.ж. 12 сәуір күні Шиелі индустриалды аграрлық колледжі және Шиелі аудандық көп бейінді орталық аурухана мәжіліс залында кездесу өткізілді.
🔹Негізгі мақсаты: аудандық тұрғындар, мекеме қызметкерлер мен студенттер арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
🔹Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы, мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы жастарға құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықбұзушылық, қылмыстылық, және тағы да басқа бірқатар мәселелер туралы түсіндіріліп ақпараттар берді.
🔹Шара соңында жастардың тарапынан жеке құқықтық мәселелері бойынша сауалдар қойылып, тиісті заңдылықтарға сәйкес түсіндірмелер берілді.