СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін ҮЕҰ ресурстық орталығында Қызылорда облысының денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Сейлов Жанмұрат Жақсымұратұлы аймағымыздағы азаматтық сектор өкілдерімен кездесіп, олардың маңызды сұрақтарына жауап берді.
🔹Кездесуде Жанмұрат Жақсымұратұлы басқарманың негізгі функцияларымен таныстырып, спорт және туризм саласының қазіргі бей-жайы және аталған салаларды дамыту бағытындағы жоспарлары туралы айтып өтті. Аймақ экономикасына ықпалы зор туризм саласында атқарылып жатқан жұмыстар, Сыр өңіріндегі туристік маршрут, олардың қаржыландыруы бойынша маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар бұқаралық спорт, паралимпиадалық спортты дамыту, жас спортшыларға қолдау білдіру бойынша да сауалдар жолданып, нақты жауаптар алды.
🔹Қатысушылар сала басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын қоюмен қатар, спорт саласына қатысты бірқатар ұсыныстарын да жолдады.