Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Сүлейменов Ерқасым Жайбергенұлы кездесті

Бүгін Қызылорда облысының ҮЕҰ ресурстық орталығында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Сүлейменов Ерқасым Жайбергенұлы аймағымыздағы азаматтық сектор өкілдерімен кездесіп, олардың маңызды сұрақтарына жауап берді.
⚜️Кездесу барысында тұтынушы талабы, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бекітілген тізбесі мен олардың бағаларын тұрақтандыру, сауда қызметін реттеудегі туындайтын құқықтық қатынастар туралы маңызды мәселелер айтылды.
⚜️Сонымен қатар, алдағы уақытта департамент басшысы мен қоғамдық ұйым өкілдері тұтынушылардың құқығын қорғау бағытында бірлесе жұмыс жасауға келісті.