Сыр елі әйелдер кеңесі» қоғамдық Байназарова Райкүл Мансұрқызы жастармен кездесті.

 

Oблыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 23 сәуір күні «Отбасы құндылықтарын және демографиялық саясатты насихаттау», «Белсенді азаматтық позиция» тақырыбында Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы, «Сыр елі әйелдер кеңесі» қоғамдық Байназарова Райкүл Мансұрқызының қатысуымен кездесу өткізілді.
🔹Райкүл Мансұрқызы кездесуде
«Отбасылық құндылықтар қоғамда мәдениет пен адамгершілікті қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығын және жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығын сақтауға септігін тигізетіндігін айтып өтті. Отбасының негізін, шындығында, махаббат сезімі құрайды. Бұл дегеніміз отбасы мүшелерінің бір-біріне көңіл бөлуі, қамқорлық жасауы, қолдау көрсетуі және отбасы мүшесін қандай кемшілігімен болса да қабылдай білу. Сыйластық – әр отбасы мүшесін жеке тұлға ретінде мойындау, олардың пікірлерін, тілектері мен қажеттіліктеріне құрметпен қарауды қамтиды. Сенім – бұл отбасылық үйлесімділікті сақтауда маңызды рөл атқаратын үшінші отбасылық құндылық болып саналады. Жауапкершілік әр отбасы мүшесінің отбасы өміріне өзара қатысуы мен қосқан үлесінен тұрады. Білім мен дамуды қатар алып жүру де маңызды отбасылық құндылықтар болып табылады. Білім отбасының әр мүшесінің жеке дамуына ғана емес, сонымен бірге өмір сапасын жақсартуға көмектеседі. Жалпы, отбасылық құндылықтар отбасы ішіндегі салауатты және бақытты қарым-қатынастың негізін құрайды. Өз халқымыздың тарихы тұрғысынан қарайтын болсақ, қазақта үлкенге құрмет, кішіге ізет о бастан дәріптеліп, отбасының бұзылуына көп күш салған. Ата-анасы тату, айрандай ұйыған отбасында тәрбие көрген баланың бойына отбасылық құндылықтар сіңіп, жанұя құру деген түсінікті маңызы зор, қасиетті ұғым деп қабылдамақ. Әрбір отбасында өскен тәрбиелі, білімді ұрпағымыз еліміздің ертеңгі өмірінің қандай болатынының кепілі.» — деп өскелең келешек ұрпақ жастарымызбен еркін форматта сұхбат жүргізді.
🔹Шара соңында қатысушылар тараптан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікірлер айтылды.
Все реакции:

Жандос Тусмагамбетов